Елімізде егіз спортшылар аз емес – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Елімізде егіз спортшылар аз емес

07.10.2024
0
Елімізде егіз спортшылар аз емес

Қазақта «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» деген сөз бар. Дегенмен елімізде бұл сөзді жоққа шығарып жүрген егіз спортшылар аз емес. Олар бір спорт түрімен шұғылданып, байрақты бәсекеде ел қоржынына жүлде салып жүр.

Назарларыңызға еліміздегі егіз спортшылардың бір бөлігін ұсынамыз.

Айбек және Нұрбек Оралбайлар (бокс)

Спорт үйірмесіне бокспен емес, күреспен шұғылданамыз деп келген егіздер бүгінде тек елімізде ғана емес, әлемде де өз салмағының үздік боксшылары. 80 кг салмақта жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай жуырда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар ол жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері.

Биыл +92 кг салмаққа ауысқан егіздің сыңары Айбек 2018 жылғы жасөспірімдер санатындағы Олимпия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Жәмила және Мәдина Бақбергеновалар (әйелдер күресі)

Жәмила мен Мәдина Бақбергеновалар еліміздің күрес түрлері тарихында қазақ қыздары арасында ең көп жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Жәмиляның еншісінде әлем чемпионатының үш жүлдесі, Азия біріншілігінің бес медалі бар. Бұдан бөлек, ол Азия ойындары, Ислам ынтымақтастық ойындары, жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жүлде алған.

Мәдинаның да бозкілемдегі жетістігі аз емес. Ол Азия біріншілігінде үш рет тұғыр сатысына көтеріліп, 23 жасқа дейінгі әлем және Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар (дзюдо)

Биыл қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада үздік нәтиже көрсетті. Олимпиадада олжа салып, шетелдегі жарыстарда да жеңімпаз атанды. Солардың қатарында Париж Олимпиадасының – қола, әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Ғұсманның сыңары Ғұмар да дзюдошы. Ол әлемдік Гран-при кезеңінде және әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. Сонымен қатар ішкі чемпионатта да үздіктер қатарынан көрініп жүрді.

Алина және Кристина Шумековалар (конькимен жүгіру)

Жастығына қарамай, апалы-сіңлілі Шумековалар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері Кристина биыл Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада ту ұстаушы болды. Сондай-ақ ол өз жас санатындағы ел және Әлем кубогінің күміс жүлдегері. Алина мен Кристина командалық сайыстарда да ел қоржынына бірнеше жүлде салды.

Фатима және Зухра Ирназаровалар (нысана көздеу)

Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Фатима мен Зухра халықаралық жарыстарда үздік нәтижелерімен көзге түсіп жүр. Олар юниорлар арасындағы әлем чемпионатында бір алтын (Фатима) және бір қола (Зухра) медаль, Азия ойындарында командалық сайыста күміс жүлде жеңіп алса, жекелей сында Зухра алтыннан алқа тақты. Фатима 2019 жылғы Азия чемпионатында үздік шыққан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Биологиялық әркелкілікті сақтау – экологиялық ахуалды жақсартуда маңызды басымдықтардың бірі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.