Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды

09.10.2024
0
Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды

Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды, – деп хабарлайды altyalash.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қола мүсін Көркемөнер галереясының ауласына қойылды. Суретшінің 120 жылдығына арналған бұл мереке ескерткіштің шымылдығын түсіріп, алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Мерейтойлық шараларға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов, Қазақстанның Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, көрнекті қылқалам шеберінің қызы Гүлдария Қастеева, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, зиялы қауым өкілдері, жалпы облыс жұртшылығы қатысты.

Құттықтау сөз алған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мерейтойлық шаралардың мән-маңызына тоқталды:

– Жетісу – қашанда қасиетті өнердің киелі бесігі болған өлке. Осы өңірдің төл перзенттерінің бірі де бірегейі Әбілхан атамыз – қазақ халқының кәсіпқой көркемсурет өнерінің тұма бастауы, тұңғыш суретшісі. Ол сурет өнерінде қарапайым өмір философиясына,  ұлттық дүниетанымға арқа сүйеді, сол арқылы туған халқының тарихы мен өмір салтын бейнелеп берді. Өмір қысқа болғанмен, өнер мәңгілік. Қанша ғасыр өтсе де, Әбілхан Қастеевтің есімі тарихта алтын әріптермен жазылып, суретшінің бай мұрасы елдің асыл қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жете беретіні сөзсіз, – деген Б. Исабаев ескерткіштегі суретші бейнесін жеткізу идеясының авторы көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековке, мүсіншілер Ринат Абенов пен Ербол Зиябековке жетісулықтардың атынан шынайы ризашылығын білдірді.

Мұнан соң сөз алған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының  академигі Мырзатай Жолдасбеков:

– Әбілхан Қастеевпен етене араласпасам да тірісінде көзін көрдім. Қой аузынан шөп алмайтын момын кісінің тұла бойында саф таланттың тұнып жатқаны таңқаларлық. Ол – қазақтың рухын көтерген, қазақты әлемге танытқан азамат. Біз мұндай ұлы өнер иелерін қастерлеуіміз керек. Сонда ғана берекелі ел боламыз. Әбілхан аға ешқашан өлмейді, халықтың көкейінде жарқырап қала береді, – деді.

Сол сияқты мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, көрнекті суретшінің қызы Гүлдария Қастеева да көпшілікке арнап мерекелік лебізін білдірді.

Бұл ретте журналистермен тілдескен Әбілхан Қастеевтің немересі Сауран Қастеев атасының жолын қуып, көркемсурет өнерін таңдағанын айтады.

– Біз кішкентайымыздан атамыздың барлық картиналарын көріп-біліп өстік. Соның ішінде маған акварельмен салған таулардың картинасы керемет ұнайтын. Өсе келе суретшілік өнерге бет бұрдым. Қазір кескіндеме, графика, иллюстрация бағыттарында жұмыс жасаймын. Әбілхан атамыздың еңбегі бағаланып, халықтың құрметіне бөленіп жатқаны – біз үшін мақтаныш, – дейді Сауран Қастеев.

Ескерткіштің ашылуынан кейін қонақтар Көркемөнер галереясының ішінде Ә.Қастеевтің 120 жылдығына арналған экспозициялық көрмені тамашалап, суретшінің 9 картинасының тұпнұсқасын көрді.

Бұдан әрі мерейтойлық жиын І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Тұғыры биік тау тұлға» атты республикалық конференциямен жалғасты. Конференцияға жиналған қауымды облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Басқосуда Қазақстанның Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Махамбет Сейсенхан, Жанұзақ Мүсәпір, өнертанушы Әйгерім Еспенова, Ә.Қастеев музей-үйінің жетекшісі, қастеевтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразхан, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Жұмабекова баяндама жасап, Халық суретшісінің еңбектеріндегі этнографиялық бағыттарға тоқталды, оның бүгінгі сурет өнерінің дамуына тигізген ықпалы туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ сахна төрінде мерейтойға арнап шығарылған қылқалам шеберінің өмірі мен өнер жолына қатысты «Әбілхан Қастеев», «Өмір мектебі» кітаптарының тұсауы кесілді.

Атап өтсек, ертең Қастеевтің туған жері Панфилов ауданы Шежін ауылында суретшілердің республикалық пленэрі басталады. Оған еліміздің 20-ға жуық кәсіби суретшісі қатысады. Пленэр 10 қазанға дейін жалғасып, шара Жаркент қаласындағы Көркемөнер галереясында қатысушылардың еңбектерінің көрмесімен қорытындыланады.

 

 

Суреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.