Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті.

10.10.2024
0
Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті.

Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары қарсаңында Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті. Іс-шаралар Қазақстанның өнер шеберлерінің қатысуымен Түрікменстанның Мемлекеттік мәдениет орталығының Мукамов сарайында өткен гала-концертпен қорытындыланды. 850 көрермен қатысқан бұл концерт екі ел арасындағы мәдени байланыстың жарқын көрінісіне айналды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түрікменстан мәдениет министрі Атагелді Шамурадов, мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық корпус және екі елдің шығармашылық зиялы қауымы қатысты.

Концертті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі «Шаттық елі» шығармасымен ашты. Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев «Он саусақ» композициясын орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов орындаған «Jan Watanym Türkmenistan» әні көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, Расул Жармағамбетов, Абылай Тлепберген және Таңат Сәденовтің өнерлері де көрермендерді тәнті етті. «Бірлік» би ансамблі де көрермендерге өшпес әсер қалдырды.

«Мен өзім Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегімін, сондықтан осындай керемет концертке қатысу мен үшін үлкен қуаныш болды. Бүгін көргенім мен естігенім жүрегіме жақын әрі қымбат. Бүгінгі концерт және басқа да іс-шаралар біз үшін нағыз мереке болды. Бұл – ұлы өнер: домбыра мен қобыздың үндері ғажап естілді. Көптеген студенттерім жүректері лүпілдеп, үлкен әсермен тыңдады», – деп өз әсерімен бөлісті Мұрат Құрбанов.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған Қазақстан мәдениетінің күндері Ашхабадта 7-10 қазан аралығында өтті. Қазақ мәдениетімен танысу көркем фильмдердің көрсетілімінен басталды. Көрермен Қазақ хандығының өрлеу кезеңін баяндайтын «Ұлы дала таңы» тарихи фильмін және шынайы оқиғаларға негізделген «Паралимпиец» фильмін тамашалады.

Түрікменстандықтар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің «Сарыарқа» және Роза Бағланова атындағы Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымның «Saz&Soul» тобының «Шекарасыз әуендер» бағдарламасын көріп, өнеріне тәнті болды.

Қазақстан мәдениетінің күндері аясындағы іс-шараларға Түрікменстанда 3000-нан астам адам қатысты.

Ертең Ашхабадта Қазақстан мен Түрікменстан мемлекет басшыларының қатысуымен ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.