Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға

11.10.2024
0
Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапары аясында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысты, –  деп хабарлады Ақорда.
Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ойшыл, түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті.

– Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға. Сондықтан ЮНЕСКО ақын мұраларын «Әлем жады» атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды «Түркі әлемінің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы» деп жариялады. Бұл – барша түркі жұртының ерекше сый-құрметі екені сөзсіз. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халықаралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, әлемде геосаяси ахуал ушығып, түрлі жаһандық сын-қатерлер пайда болып жатқан күрделі кезеңде ұлы ойшылдың рухани мұрасы айрықша өзекті бола түсті.

– Мақтымқұлы поэзиясы терең гуманистік ойларға толы. Ақын өз шығармаларында бейбітшілік, өзара сенім мен құрмет сияқты мызғымас құндылықтарды дәріптейді. Оның әр туындысында Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бар. Мақтымқұлы халықты басқа елдермен, яғни күллі әлеммен ынтымақта өмір сүруге шақырды. Мұны жарқын болашақтың кепілі деп түсінді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Түрікменстан ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, қарқынды даму жолына түскеніне назар аударды. Сонымен қатар бұл шаралар сан ғасырлық тарихы бар түрікмен мемлекеттілігін нығайта түсетініне сенім білдірді.

– Келесі жылы Түрікменстан тұрақты бейтараптық саясатының 30 жылдығын атап өтеді. Бауырлас жұрт осы қағидатты берік ұстанып отыр. Ұлттық бірегейлігін сақтап, елдік мүддесін қорғап келеді. Осы табанды саясатының арқасында Түрікменстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі арта түсті. Бейтарап Түрікменстан әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мол үлес қосуда. Сондай-ақ Орталық Азия және Каспий аймағында көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2025 жылды Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялады. Бұл игі бастаманы Түрікменстан елі көтерді. Мақтымқұлы түрікмен жұртының іргелі ел болуын аңсап өтті. Бүгінде ұлы бабаның арманы ақиқатқа айналды. Түрікменстан өсіп-өркендеген мықты мемлекет болып отыр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға тоқталып, бұл бастамалар ұлы ойшылдың мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашатынын және мәдени дипломатияны дамыта түсетінін жеткізді. Әсіресе, Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кеше Түрікменстанға ресми сапары аясында Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылғанын атап өтіп, Абай мен Мақтымқұлы туындыларында өзара үндестік пен үйлесім бар екенін айтты.

– Олардың рухани мұрасы екі елдің сан қырлы мәдениетін байытып, барша адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Қазақ-түрікмен халықтарының тамыры – бір, тарихы – ортақ. Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мызғымас құндылықтардың негізінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Мұның бәрі қазақ-түрікмен қатынастарын одан әрі нығайта түсері сөзсіз, – деді Президент.

Сонымен қатар форумда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш сөз сөйледі.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін Баянауыл

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.