ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

14.10.2024
0
ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін орталық стадионда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қала күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қала, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары жиналды.
Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.
“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды аймақ деп оң бағасын берді. Биыл Қызылорда қаласының бюджеті 50 млрд. теңгеге артып, 107,9 млрд.теңгеге жетті.
Қала күні қарсаңында тұрғындар асыға күткен жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне табысталды.
Сол жағалаудағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік
10 көпқабатты тұрғын үйде қоныстой тойланды.
Осы уақытқа дейін қаламыздың ең басты коммуналдық мәселесі болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты.
Биыл 187 үй, алдағы жылы тағы 237 үй ыстық суға қосылады.
Соңғы екі жылда біз барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық бердік. Ең алдымен облыс орталығындағы қоғамдық көлікке қатысты түйткілді түбегейлі шешу үшін 300 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Тұрғындар сұранысына сәйкес алынған 200 санитарлық автокөліктің
60-ы Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау мекемелеріне табысталды.
Сүйікті қаламыздың самаладай жарқырауына, көркейіп, гүлденуіне бірге атсалысайық!
Жаңа белестерді бағындырып, асқақ армандарға бірге жетейік! Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік тілеймін!”, – деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты іс-шарада қаланы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тұрғыдан өркендетуде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен 9 азаматқа «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сан салада қызмет ететін 3 азаматқа облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, 9 азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Қала күніне арналған мереке отандық эстрада жұлдыздарының концертіне және отшашуға ұласты.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН КҮЗ-2024» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Берік Уәли: Президентке Қазақстанның БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскен

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.