Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағын 55 455 гектарға азайту жоспарланып отыр.
Бұған дейін қорықтың жалпы ауданы — 172 573 гектар болған. Демек, ол енді шамамен төрттен бірге азаяды.
— Табиғи қорық аумағын азайту туралы шешім «Тепке» кен орнының батыс бөлігінде көмірсутектердің мұнай бағанасының ашылуына байланысты шыққан. Көмірсутек шикізатын одан әрі өндіру үшін табиғи қорықтың құрамынан жер алу қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта ғылыми негіздеме әзірленді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Тепке» кен орны 2021 жылы ашылған. Бұл — аймақта соңғы 30 жылда ашылған ең ірі кен орны.
Оны игерумен «Тепке» ЖШС айналысады ал, құрылтайшылары — нидерландтық Seballes Holdings B. V. компаниясы мен қазақстандық Oxygen Capital Limited жеке компаниясы.
Бұған дейін Каспий теңізінің деңгейі 15 сантиметрге төмендейтінін жазған болатынбыз.