Күрежолдардың құрылысын келесі жылы күзде аяқтаймыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Күрежолдардың құрылысын келесі жылы күзде аяқтаймыз

18.10.2024
0
Күрежолдардың құрылысын келесі жылы күзде аяқтаймыз

Жетісудағы облыстық маңызы бар жолдар мен республикалық күрежолдар учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен бітеді. Бұл туралы Панфилов ауданына жұмыс сапарымен барып, орташа жөндеуі аяқталған «Жаркент – Қорғас» бағытындағы жолдың сапасымен танысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан халқымен кездесуге барған Б. Исабаев іссапарын алдымен «Жаркент – Қорғас» автожолын қараудан бастады. Учаскедегі құрылыс жұмыстарының барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жетісу облыстық филиалының басшысы Нұрхат Ақылтаев баяндап берді. Жалпы бұл жолдың 32 шақырымына құрылыс жұмыстары биылғы жылдың маусым айында басталған. Бүгінгі күні екі қабат асфальтобетон жабыны төселіп, жол қозғалысы ашылған. Қазір Жаркент пен Қорғас арасындағы елді мекендердің жол бойын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, Қорғас ауылына тротуар салынып, Ақкент пен Ават ауылдарының арасына ұзындығы 1300 м. тротуар төселуде. Сол сияқты Қырыққұдық, Алтыүй, Ақкент, Ават елді мекендерінде сыртқы жарықтандыру тіректері мен 16 жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары аяқталуға жақын.

Осы орайда журналистерге сұхбат берген облыс әкімі Бейбіт Исабаев  өңірде жол инфрақұрылымын жақсарту, соның ішінде көлік легі үлкен күрежолдардың құрылысына қатысты кеңінен айтып берді:

– Қорғастан Жаркентке дейінгі 32 км жолдың жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында біткен, абаттандыруы аяқталған соң жылдың аяғына дейін толық өткізіліп беріледі. Өткен жылғы халықпен кездесуімде тұрғындар тротуар салып беру туралы өтініш айтқан, соған байланысты екі аралықта жол бойындағы елді мекендерге тротуар салып, жарықтандыруы қоса жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр Жаркент пен Көкталға дейінгі жолды екі қабат асфальтпен, Алтынемел асуындағы 23 км жолды үш қабатпен қолданысқа бердік, абаттандыруы биыл бітеді. Оған қоса Алтынемел асуынан Қоңырөлең ауылына дейінгі жолға орташа жөндеу жасалды. Биыл Жаркенттен бетон жолға дейінгі 15 км учаскенің құрылысын бастадық. Ары кеткенде келесі жылдың ерте көктемінде аяқтап, пайдалануға береміз. Ендігі қалып отырғаны – Қоңырөлеңнен Көкталға дейінгі 68 км жол, ұзындығы 7 км Сарыөзек айналма жолы. Осы жобалардың барлығын келесі жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз – 2025 жылдың аяғында облыс көлемінде Талдықорғаннан Ақшиге және Достыққа дейін, Талдықорғаннан Балқаш көліне дейін және Қорғастан Сарыөзекке дейінгі жолдың жөндеуін бітіру. Сол жоспар бойынша алға қойған мақсаттарымыздың бәрін жүзеге асырамыз. Қазірге бұл жұмыстардың 70 пайыздайы бітті. Қорыта айтқанда, облысымыздағы республикалық, облыстық маңызы бар күрежолдардың барлығының құрылысын келесі жылы күзде аяқтаймыз, – деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, жалпы облыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3 988 шақырым. Биылғы жылдың басынан бері 39,2 млрд. теңге бөлініп, облыстық деңгейдегі 193 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделді. Жылдың соңына дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94%-ға жетеді.

 

 

Фотосуреттер авторлары: Жеңіс Ысқабай, Қайрат Қазтұрғанов

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Сазды әуен мен сырлы үн» облыстық байқауы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әуежайға қарай жаңа метро желілері салынады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.