Күз мезгіліндегі сенбіліктер басталып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Күз мезгіліндегі сенбіліктер басталып жатыр

20.10.2024
0
Күз мезгіліндегі сенбіліктер басталып жатыр

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді. Онда 7500-ден астам адам тазалық шараларын жүргізіп, 3750 дана ағаш егілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласында өткен сенбілік шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы қала тұрғындары қатысты. Қала бойынша іс-шараға 25 бірлік техника, 2 мыңға жуық адам тартылды. Осы күні Жансүгіров және Ақындар көшесінің қиылысына 200 ағаш егіліп, «Жеңіс», «Ардагерлер» және орталық саябақтарда, қала аумағындағы барлық скверлер мен ескерткіштер маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

– Күз мезгіліндегі сенбіліктер басталып жатыр. Бүгін қала тұрғыны ретінде Өтенай ауылдық округіне қарасты аумаққа ағаш ектік. Қаланы таза ұстау, жасыл желекке айналдыру өз қолымызда. Барша жерлестерімді осындай сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамын, – дейді талдықорғандық Нұрғазы Аманжол.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес осы күні Ескелді, Көксу аудандарында 1 000-нан, Сарқан ауданында 700, Алакөл ауданында 500, Текелі және Талдықорған қалаларында 200-ден, Кербұлақ ауданында 150 ағаш, жалпы облыс бойынша 3 750 түп ағаш отырғызылды. Атап өтсек, биыл 115 мың ағаш көшетін отырғызу жоспарланған, оның 31 мыңы көктемде отырғызылды, қалған 84 мың ағаш көшетін егу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі облыс көлеміндегі тазалық шараларына 120 бірлік арнайы техника және 7 520-дан астам адам тартылды. Іс-шара барысында аулалар, саябақтар, скверлер, көшелер мен тротуарлар тазаланып, қураған бұтақтар кесілді, 20 км арық желілерін тазартылып, 350 тонна қоқыс шығарылды.

 

 Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ӘЙТЕКЕ БИ БӘЙБЕКҰЛЫНЫҢ 380 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Асу Алмабаев UFC лигасында кезекті жекпе-жегін өткізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.