Ақмола облысында екі жайлы мектеп ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қыркүйек 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ақмола облысында екі жайлы мектеп ашылды

22.10.2024
0
Ақмола облысында екі жайлы мектеп ашылды

Екінші тоқсаннан бастап Ақмола облысында тағы екі жаңа жайлы мектеп өз жұмысын бастайды. Республика күні қарсаңында Қабанбай батыр ауылындағы мектеп-лицейді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова аралап көрді,-деп хабарлайды altyalash.kz Ақмола облысының әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайлы мектеп 1200 орынға есептелген. Оқушылар үшін жаңа модификациядағы кабинеттер, спорт залдары, STEM-зертхана, кең асхана, кітапхана, спорт алаңы және басқа да көптеген мүмкіндіктер қарастырылған.

«Келесі тоқсанда бұл мектепте 800-ден астам оқушы білім ала бастайды. Айта кету керек, мектеп тек Қабанбай батыр ауылы тұрғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі балалардың да білім алуына қызығушылық танытып отырған орталыққа айналды», – деп атап өтті мектеп-лицейдің директоры Рүстем Жахин.

Өз әсерімен ауыл тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері Светлана Лузанова бөлісті.

«Біздің көп жылдан бергі арманымыз орындалды, ауданның ең көне елді мекендерінің бірі саналатын ауылымызда жаңа мектеп салынды. Мен 23 жыл мектеп директоры болып жұмыс істедім, ауыл мен қалалардағы жағдайдың бірдей болуын армандамаған едік», – деді С.Лузанова.

Өңір әкімі жаңа оқу жылында облыста 8 мектеп ашылғанын, олардың 6-уы орын жетіспеушілігі мәселесін шешу және оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұлттық жоба аясында салынғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасымен біздің өңір ауылдарында жайлы мектептер ашылуда, олардың жағдайы қалалық мектептерден еш кем емес. Бір ауысымда оқыту қосымша білім беру жүйесінің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біздің еліміздің болашағы – білімді және жан-жақты дамыған балалардың қолында», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Айта кетейік, тағы бір жайлы мектеп Қаражар ауылында жұмыс істей бастайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кенесары ханға арналған күй

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.