Қазақстан Моңғолияға eGov жүйесін экспорттайды. Бұл туралы цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Қазақстан-Моңғол іскерлік кеңесінің бірінші отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өзінің сөзінде инновациялық экожүйені құруды, стартап-жобаларды дамытуды, цифрлық үкіметті (govtech) енгізуді және аэроғарыш саласындағы жобаларды қоса алғанда, цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі векторлары туралы айтты.
Ынтымақтастықтың маңызды элементі eGov қазақстандық электрондық үкімет жүйесінің экспортын талқылау болды. Бұл жоба Моңғолияға Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, онда қызметтердің 90%-дан астамы онлайн режимінде ұсынылады, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Қазақстан Astana Hub халықаралық технопаркін дамыту бойынша өз тәжірибесін ұсынды.