Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы және еліміздің Республика күнін мерекелеу аясында Мадрид қаласының ең танымал концерттік залдарының бірінде өнер көрсетті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі – еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі. Ансамбль музыканттары тыңдаушыларды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, саз сырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және басқа да халық музыкалық аспаптарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Нұркен Яқияев.

Мадридте өткен концертте ансамбль жиналған қауым назарына ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Рухани кеш қаладағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

“Есірткі қолданған” – Алматыда полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлер форумында сөйлеген сөзі

admin_altyalash

Барыс бейнесі

admin_altyalash