Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі

29.10.2024
0
Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі

2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

Қазақстан Еуропа елдерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөледі.

Бұл саладағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени мұраны дәріптеу.

Қорында Қазақстанның бірнеше мәдени жәдігері бар, Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропа аймағындағы ең ірі коллекциялары сақталған Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде Қазақстанның тарихи мұрасынан көрме өткізу өнер әлеміндегі елеулі оқиға болатыны анық.

Көрме мақсаты: музей жәдігерлерін иммерсивті технологиялардың сүйемелдеуімен қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойы дамуының тарихи-өркениетті бастауларына, қазақ халқының мәдени кодының сабақтастығы мен бірегейлігіне ерекше назар аудара отырып, Еуропа және француз жұртшылығына Қазақстан мәдениетінің көпғасырлық тарихы мен бай қазынасын көрсету.

Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін (б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейін) сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған.

Экспозиция 5 бөлімнен тұрады:

– Тобыл ойшылы, Ботай мәдениеті және жылқыны қолға үйрету;

– Алтын Адам. Алғашқы сақ мемлекеттерінің пайда болуы;

– Тас мүсін (Балбал). Түркі билігі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан;

– Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары. Исламның дамуы;

– Қазыбек бидің шапаны. Қазақ хандығы және бүгінгі Қазақстанның пайда болуы.

Ашылу салтанатына Қазақстан мен Францияның көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет және өнер өкілдері, ғылыми және студенттік қоғамдастық, Еуропадағы қазақ диаспорасы қатысады.

Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шортанды ауданында жаңа су құбырының құрылысы аяқталуда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.