Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады

Фото:depositphotos.com
Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген

Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады.

“Сауран ауданының тұрғыны О. деген азамат 20 адамның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иелігінде шын мәнінде жоқ ірі қара малға мемлекеттен субсидия (203 млн теңге) алған. Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген”, – делінген хбарламада.

Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген.

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы өз еркімен Қазақстанға оралды

admin_altyalash

Тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 60%-ға артқан

admin_altyalash

Кореяда 2 күнде енгізген жобамызға Қазақстанда үш ай уақыт кетті – Жанәділ Талдыбаев

admin_altyalash