Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі

31.10.2024
0
Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

 – ҚР Ішкі істер министрлігі автокөліктердің «орташа жылдамдығы» халықаралық, республикалық маңызы бар жолдардың қаладан тыс және түзу жолдарында ғана автоматты түрде есептелетінін мәлім етті.

«Қазақстан Президенті биылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға және ілеспе құжатқа қол қойды. Бұл жаңа өзгерістер екі кезеңде енгізіледі. Осы жылдың 4 желтоқсанынан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізілсе, 2025 жылдың 4 сәуірінен бастап мопедтерге қатысты толықтырулар қолданысқа енеді», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, бұл заңнамаға «Көлік құралы қозғалысының орташа жылдамдығы» ұғымы енгізілді және оны есептеу тәртібі қарастырылды. Бұл тәртіп халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын көлік құралы қанша уақытта жүріп өтсе, сол уақыт аралығына бөліп есептеу арқылы айқындалады.

«Автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және жабдықтармен көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығын айқындау нәтижелері бойынша ең жоғары қозғалыс жылдамдығынан асып кету фактісі анықталады. Осылайша, көліктің орташа жылдамдығы бекітіліп, оны есептеу тәсілі айқындалғаннан кейін, сол арқылы жүргізушілердің белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауын бақылау жүзеге асырылады. «Орташа жылдамдық» арнайы жабдықтар және құралдар арқылы тек қана халықаралық, республикалық маңызы бар жолдардың қаладан тыс және түзу жолдарында ғана автоматты түрде есептеледі», – делінген ведомство ақпаратында.

Еске салсақ, жақында Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы республикалық маңыздағы автожолдарда әр көліктің орташа жылдамдығын өлшейтін арнайы жүйе орнатылып жатқанын айтты.

«Қазір біздің камераларды Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесіне қосып орнату жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасына қарай бұл интеграцияны аяқтаймыз деп ойлаймын. Осыдан кейін ереже бұзу деректерін есепке алу басталады», – деді министр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгеріс енгізеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай кикбоксингтен республикалық турнир өтіп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.