Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Темір жол арқылы жаңа жол өткелі салынады

“Мемсараптама” РМК Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салуға жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.

Мырзағалиева көшесі бойымен темір жол арқылы салынатын жол өтпесінің құрылысы Жосалы кентінде Қауіпсіз автокөлік қатынасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Жол өтпесінің ұзындығы 84,75 м болады . Жол өтпесінің көлемі 2 жолаққа есептелетін болады.

Сондай-ақ, жобада екі жағынан тротуарларды орнату көзделген.

Жобаның тапсырыс берушісі “Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бас жобалаушы – “Қарағандыказдорпроект” ЖШС болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Досаев Ақкентте болған өртте көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты

admin_altyalash

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

admin_altyalash

Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтеді

admin_altyalash