«Қызылорда-Жезқазған» автожолы: үш учаскіде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

«Қызылорда-Жезқазған» автожолы: үш учаскіде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

01.11.2024
0
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы: үш учаскіде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

фото:Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Қызылорда облысында республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде үш учаскіде жұмыстар аяқталуға жақындады. Осыған орай, ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен Автомобиль жолдары комитеті мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандары және «ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясы бірлесіп, БАҚ өкілдеріне «Сапа керуені» баспасөз турын өткізді.
Қызылорда мен Жезқазған аралығында 424 шақырым жолдың 204 км Сыр өңірінің аумағына тиесілі. Еліміздің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын төте жол көлік логистикасын жақсартып қоймай, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызы зор. Сыр өңірінде күре жолдың біршама бөлігінде жабынның жоғарғы қабаты төселіп, үш учаскеде үш қабат асфальт жабындысын аяқталуға жақын. Яғни, облыс шекарасынан бастап Қызылорда бағытына қарай 90 шақырым пайлалануға беріліп, 50 шақырым қоса жолда ішінара қозғалыс ұйымдастырылады. Жалпы жоспарға сәйкес 140 шақырым асфальт жабынымен қозғалыс берілетін болады. Қазіргі уақытта 3 учаске бойынша соңғы жабын бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақындап, жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату және жол жиегін нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
– Жалпы «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бойынша Қызылорда облысы аумағында 192 шақырымы қайта жаңғыртудан өтуде. Осы жылдың аяғына дейін ішінара 140 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Жоспар бойынша жобаның аяқталу мерзімі Қызылорда облысында 2026 жылы деп белгіленген. Сонымен қатар, жобада мердігер компаниялар жолды абаттандыру, екі жағын тегістеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ауқымды жол құрылысына 700-дей адам және 400 бірлікке жуық арнайы техника жұмылдырылып отыр,- деді ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Нұртілек Хасенов.
Жалпы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан күре жол 5 учаскеге бөлінген. Мердігерлердің 4-еуі қытайлық компания, біреуі жергілікті «Қыран» ЖШС. Және отандық кәсіпорын алғашқылардың бірі болып жұмысын аяқтағанын ерекше атап өткен жөн. Мұның өзі қазақстандық компаниялардың ауқымды жобаларға қатысып қана қоймай, халықаралық талаптарға сай жол салуға қауқарлы екенін көрсетіп отыр. Себебі, Еуропалық даму және қайта құру банкі арқылы қаржыландырылған жобада мердігерлерге өте жоғары талап қойылған. Осы үдеден шығу абыройлы міндет. «Қызылорда-Жезқазған» автожолының сапалы салынуы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандарының ұдайы бақылауында. Мәселен, 2024 жылы жылжымалы зертханамен қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жолға 1028 рет тексеру жүргізілген. Жол жабындысы мен құрылыс материалдарынан 4,2 мың сынама алынып, соның 20 пайызы (857) зертханалық зерделеу барысында талапқа сай шықпаған. Алайда, анықталған олқылықтарды мердігерлер өз қаржысы есебінен қайта қалпына келтіріп, 167,1 миллион теңгенің жұмысын жүргізген.
– Бұл республикалық маңызы бар автожол Мемлекет басшысының тікелей назарында. ҚР Көлік министрі де үнемі бақылауында ұстап отыр. Қандай да бір ахау анықталса, мердігер компания дер кезінде кемшіліктерді жойып, талапқа сай жұмыс істеп жатыр. Ал қазір салынған үш учаскедегі жолдың тегістігіне келетін болсақ, зерттеу жұмыстарының қорытындысымен 96-98 балл жүйесімен бағаланып, нормативтік талаптарға сай келетінін көрсетіп отыр. Яғни, бұл өте жақсы деген көрсеткіш. Және тағы бір айта кету керек, жолды салғаннан кейін де мердігерлерге 5 жылға дейін кепілдік мерзімі қаралған. Яғни, жолдың кейбір жерлері сыр беріп жатса, өз қаржысы есебінен қайта қалпына келтіретін болады,-деді «Жол актвитері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.
«Сапа керуені» баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері жаңа жолдың үстімен жүріп, Қызылорда облысының шекарасына дейінгі атқарылған жұмыстарды көзбен көрді. Жол салып жатқан жолшылардың тыныс-тіршілігімен танысып, қызу тірлікке куә болды. Жалпы жыл аяғына дейін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымында көліктерде қозғалыс ашу күтілуде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында 30 жылдай жөнделмеген шалғайдағы ауылға апаратын жол жасалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.