Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді

Фото: qazsporttv.kz

 — Жания Бекмұхамбетова Венгрияда өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді. Бұл туралы qazsporttv.kz сайтында хабарланды.

Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTT Youth Contender үстел теннисі турнирінде топ жарып, екі жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынға ие болса, кеше отандасымыз 11 жасқа дейінгі жас санатында бас жүлде қанжығалады.

Турнирде Жания Бекмұхамбетова Венгрия, Испания, Украина, Испания, Румыния елдерінің спортшыларын жеңді.

Бұған дейін қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингіде 58 саты жоғары көтерілгені хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды

admin_altyalash

Нұр-Сұлтанда жартылай марафон өтеді

admin_altyalash