Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы
мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалауды
анықтады.Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлайды.
Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға
республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей
командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды
жариялаған.
Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн
теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды.
Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет
қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.