Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғады


Елорданың аудандық сотының үкімімен ветеринариялық бақылау және
қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың бұрынғы қызметкерлері
мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері үшін сотталған.
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.
Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке
526 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Елорда прокуратурасы негізсіз жұмсалған бюджет қаражатын қайтару
жөнінде сотқа азаматтық талап арыз келтірді.
Сот шешімімен қала прокурорының талабы қанағаттандырылып,
жауапкерлерден келтірілген шығын сомасы толық көлемде өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық форумы өтті

admin_altyalash

Орал қаласы ІІ «Senat Open» ашық кубогының жартылай финалының эстафетасын жалғастырады

admin_altyalash

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

admin_altyalash