Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды

Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.

Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары теленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді

admin_altyalash

Маңғыстаулық дәрігер ұшақта адам өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)

admin_altyalash

Басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ

admin_altyalash