Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

14.11.2024
0
Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысын бастау рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Алматы қаласының басшылығы, «Қазақстанның Еңбек Ерлері» А.Миразова, Г.Нұрпейісова, А. Жұмаділдаев, Парламент және мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым мен педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Абай атындағы мектептің жаңа ғимаратын салу орта білімнің ұлттық брендін қалыптастыруға қосылған үлкен үлес екенін айтты. Сондай-ақ Палата Төрағасы бұл қадам қоғамда ұлттық мүддені берік орнықтыру және тарихи сабақтастықты сақтау үшін қажет екеніне назар аударды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Семей өңірінде абайтанушы ғалымдармен кездесуінде Абай атындағы республикалық мектеп-интернатын заманауи талапқа сай жетілдіріп, ең үздік білім ордасына айналдыру, гуманитарлық саланы дамыту, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға баса мән беру туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта бүгінгі таңда Абай атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатын «Абай ұлттық мектебіне» трансформациялау тұжырымдамасы жасалуда. Сондай-ақ Президент бастамасымен елімізде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісі дамуда.
Жаңа ғимараттың алғашқы қазығын қағу рәсімінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай ұлттық мектебінің болашақта барлық мектептің көшін бастайтын үлгілі білім ошағына айналатынына сенім білдірді.
«Мемлекет басшысы ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруді, бұл бағытта бірыңғай ұстаным әзірлеуді тапсырды. Абай мектептері желісі үшін біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасын әзірлеу қолға алынды. Республикалық Абай мектебін трансформациялау арқылы біз тіл мен әдебиетті тереңдетіп оқытып қана қоймай, еліміздің болашақ интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға қадам жасаймыз. Абай ұлттық мектебі – Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» ілімінен тағылым алған, заманауи білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, патриот жастардың киелі білім ұясына айналуы тиіс», – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, құрылысы басталған жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, ABAY-arena спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2025 жылы қыркүйектен бастап қолданысқа беру жоспарланған.
Сонымен қатар жұмыс сапары кезінде №63 орта мектеп базасында орналасқан ресурстық орталықтың жұмысымен танысты. Мектеп бүгінгі таңда инклюзивті білім беруде инновациялық әдістерді белсенді түрде енгізуде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Басты мақсат – тазалықты сақтау

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шымкентте ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.