Басты мақсат – тазалықты сақтау – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Басты мақсат – тазалықты сақтау

14.11.2024
0
Басты мақсат – тазалықты сақтау

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы тақырыбында мурал пайда болды. Аталған экологиялық бағдарламаның аясында облыста сенбілік шараларымен қатар осындай насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында № 43 үйдің қабырғасында жуырда «Таза Қазақстан» акциясын бейнелейтін мурал салынды.

– Талдықорған қаласында бүгінгі күні тұлғатану, туризм, экология т.б. тақырыптарда 14 мурал бар. Соның біреуі «Таза Қазақстан» акциясына арналып отыр. Бұл мурал қала әкімінің ұсынысына орай демеушілік көмек арқылы салынды. Қазір көпшілік жазба ақпаратты оқудан гөрі, көзбен қабылдауға бейім, сондықтан осы тақырыпты мурал арқылы насихаттағанды жөн деп таптық.  Басты мақсат – тазалықты сақтау мәселесіне қала тұрғындарының назарын аударту, оған қоса «Таза Қазақстан» акциясының маңызын айшықтау, – дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.

Үш буын ұрпақтың ағаш егу сәті бейнеленген бұл суретті күнде көретін қала тұрғындары мұндай бастамаға разы.

– «Таза Қазақстан» аясындағы сенбіліктерге үнемі қатысамыз. Себебі қала өзіміздікі, ертең бізден кейінгі жас ұрпақ осы жерде өсіп-өнеді, сондықтан қаланың тазалығы бәрімізге ортақ міндет. Кішкентай балаларға да өзіміз үлгі болуымыз керек. Осы муралды көргенде сол жауапкершілікті үнемі есіме аламын, – қала тұрғыны дейді Нұржан Әлібаев.

Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 1 990 техника жұмылдырылып, 10 714 тонна қоқыс шығарылып, 2 445 км арық желісі тазаланды. Облыс аумағында акция кезінде 40,1 мың түп көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 226 мыңнан астам адам атсалысты.

 

 

Фотосуреттер авторы: Олжас Құрмашев

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.