15 қараша – Ұлттық валюта күні: теңге туралы қызық деректер – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

15 қараша – Ұлттық валюта күні: теңге туралы қызық деректер

15.11.2024
0
15 қараша – Ұлттық валюта күні: теңге туралы қызық деректер
Коллаж: Халық үні

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Теңге айналымға 1993 жылы енгізілді. Теңге туралы қызық ақпаратты жинақтады,-деп жазады altyalash.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу процесін бұрынғы КСРО республикаларындағы ақша айналымына қатысты жағдай жылдамдатты. 1993 жылдың шілдесінде Ресейдің Орталық банкі ақша реформасын жүргізді, кеңес рублі айналымнан алынды және олар жаңа ресейлік банкноттарға айырбасталды.

Бұл бұрынғы кеңес республикаларындағы нарыққа әсер етті, оның ішінде Қазақстан да бар. Баға жылдам өсті, ақша құнсызданды.

Ұлттық валюта енгізу – елдегі дағдарыстан шығу және экономиканың дамуының жаңа кезеңіне өту жолы болды.

АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

1993 жылдың 3 қарашасында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оған премьер-министр Сергей Терещенко төрағалық етті. Кейін вице-премьер Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылды.

Теңге дизайнын дайындау жетекші Тимур Сүлейменов және дизайнерлер Меңдібай Алин, Досбол Қасымов және Ағымсалы Дүзелханов бар авторлық ұжымға тапсырылды.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.

Бұл күні айналымға «портреттер» банкнотының бірінші топтамасы шығарылды:

1 теңге – Әл-Фараби портреті

3 теңге – Сүйінбай портреті

5 теңге – Құрманғазы портреті

10 теңге – Шоқан Уәлиханов портреті

20 теңге – Абай Құнанбаев портреті

50 теңге – Әбілқайыр хан портреті

100 теңге – Абылай хан портреті.

ТЕҢГЕ АТАУЫ ҚАЛАЙ ШЫҚТЫ?

Қазақстанға ұлттық валюта атауын таңдау да оңай болмады. Оның төңірегінде де дау болып, «алтын», «ақша», «таньга» («тенга») нұсқалары ұсынылған.

Қазақстан валютасын «сом» деп атау да жоспарланды.

Алайда 1993 жылы Қырғызстан қырғыз сомын енгізгеннен кейін «теңге» атауы қабылданды. Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге», «танга» деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін «тиын» деп атады.

Ұлттық валютаның өз символы бар (〒).

АҚША ҚАЙДА ШЫҒАРЫЛДЫ?

1993 жылдың маусымында елімізде бағалы қағаздар шығаратын цех іске қосылып, қағаз тиындар шығарылды.

Алғашқы банкноттарды Англияда Harrison&Sons фирмасы басып шығарды. Олар Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді. Деректерге сай, бастапқыда бір апта ішінде 18 рейс орындалған.

«Нұрсұлтан Назарбаев төл валютамызды әзірлеу жұмыстарын бастауды тапсырды. Содан кейін суретшілер, дизайнерлер тобын құрдық. Олар бірнеше жобасын дайындады. Содан кейін Англияға барғанда шетелдіктер үшін ақша басып шығаратын Harrison компаниясын білдік. Ақшаның жобасы мақұлданған соң компанияға Қазақстанның ақша басып шығарғалы жатқаны туралы еш жерде айтпауы туралы келісімге келдік», – деді сұқбаттарының бірінде Дәулет Сембаев.

Елге теңге жеткізілгеннен кейін небәрі 8 күннің ішінде ол Қазақстандағы барлық банкке таратылды.

Қазір Алматыда Банкнот фабрикасы жұмыс істеп тұр.

Қазақстан теңге сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылды.

Айналымдағы монеталардың алғашқы өнеркәсіптік партиясы 1998 жылдың қарашасында Қазақстанның монета алаңында шығарылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Герольд Бельгердің екі томдық жинағының тұсаукесері өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Таразда архив ісі және құжаттама бойынша өңірлік семинар өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.