Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

«Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды

Астаналық колледж студенттері «Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

14-18 қараша күндері өткен республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 550-ден астам студент 30 құзіреттілік бойынша өзара сайысып, біліміділігі мен тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасында электромонтаж, энергетика, кірпіш қалау, шанақты жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі, IT шешімдері, WEB-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу сияқты құзыреттіліктер болды.

Барлық командалық есеп бойынша Астана қаласының студенттері 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды, сондай-ақ кәсіпқойлық үшін 6 медальон алып, еліміз бойынша командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Республикалық байқаудың қорытынды кешіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, барлық студентті жарқын белесімен құттықтады.

Айта кетейік, жеңімпаздар келесі жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Медицинадағы әйелдер — денсаулық сақтау жүйесінің жүрегі

admin_altyalash

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

admin_altyalash

Қарағандылық самбошылар Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр

admin_altyalash