Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды

20.11.2024
0
Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті,-деп хабарлайды altyalash.kz.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Биыл жоспарланған 517,5 млрд теңге меженің 478,3 млрд теңгесіне 10 айда қол жеткізілді. Соңғы үш жылда 30,3 млрд.теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылды.
«Атап өту қажет, өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалуда. 2022 жылы 373,5 млрд. теңге индикатор белгіленген еді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,3 млрд.теңге болды. Ал, өткен жылы 424,2 млрд.теңге индикатор бекітіліп, жоспар 21%-ға артығымен орындалды, яғни 513,7 млрд.теңге инвестиция тартылды», – деді Н.Нәлібаев.
Қызылорда көрсеткіштің өсу қарқыны, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңірлер арасында І орынға шықты. Өнеркәсіп саласының дамуына серпін берген шыны зауыты арқылы өндіріске 42 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қажетті шикізаттар шетелден, әсіресе Ресейден, Өзбекстаннан тасымалдануда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37,1 млрд. теңгенің 28,7 млн. шаршы метр шынысын өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам жұмыс жасауда.
Инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік компания басшылары, дипломатия өкілдері облысқа жұмыс сапарымен келіп, кездесулер ұйымдастыруда. Аймақта инвесторларға қолайлы климат қалыптасты деп айтуға толық негіз бар.
Сыр өңірінде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар қатарында «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен салынған «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы бар. «Акса Энерджи» түрік компаниясының инвестициясына қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Күнделікті 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдауда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.