Ақтауда лотерея ойнатқан жеке кәсіпкер сотталды, – деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz.-ке сілтеме жасап.
“Ол 5 тамызда Instagram желісінде Toyota Land Cruiser Prado 120 автокөлігін ойнатқан. Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігіне қайшы әрекетке жол берген”, – деп жазды құзырлы органнан.
Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп тауып, 775 320 теңге айыппұл салды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.