Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестік аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді серіктестік, диалог пен сенім арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі аспектілеріді талқылады.

Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің барлыө өңірлерінен ҮЕҰ басшылары қатысты.

Айта кетейік, бүгінде азаматтық сектор қызметінде қарқын алды. Мысалы, ҮЕҰ саны 2008 жылдан бастап 2,5 есе өсті. Республика бойынша 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Соның ішінде 17 мың ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Дизайн-кодқа сәйкес келмейді: Астанада 2700-ге жуық баннер мен жарнама бөлшектелді

admin_altyalash

Қазақстандық оқушылар Грециядағы робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада ел намысын қорғайды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

admin_altyalash