Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруі өміріне қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мен көп жұмыс істеймін. Сіздер байқаған шығарсыздар. Іс-шараларға, кеңестерге қатысамын. Мен ерте тұрып, кеш жатамын. Соңғы жылдары осылай өмір сүріп жүрмін. Сондықтан мен бұрыннан ерте тұратынмын, солай істеудемін. Мен үнемі жұмыс істеймін, – деді Мәулен Әшімбаев.
Төраға уақыт белдеуінің өзгеруінен ештеңе байқамағанын жеткізді.
Субьективті түрде айтайын, мен уақыт белдеуінің өзгеруінен өзгерісті байқамадым. Мен жұмыс істеп жүріп, байқамаған болуым да мүмкін. Мен көп ұйықтамаймын ғой. Сондықтан өз басым қандай да бір өзгерісті байқамадым, – деді ол.