Әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз

09.12.2024
0
Әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз
 фото Қыздар педагогикалық университеті
7 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тоғызқұмалақтан «Мәңгілік жадымда сен – Желтоқсан 86» атты республикалық жекелей ашық турнир өтті. Турнир 16 жоғары оқу орны студенттерінің арасында өтті.

Жарыс жастар арасында ұлттық ойынды насихаттау, танымалдылығын арттыру, сондай-ақ Тәуелсіздік жолындағы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Турнир Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

«Желтоқсан көтерілісінің күрескерлеріне тағзым ретінде бүгін тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын «Мәңгілік жадымда сен – Желтоқсан 86» деген атаумен қазақтың ұлттық ойындарынан осындай жарыс өткізіліп отырады. Себебі 86 жылғы көтерілісшілер ел тәуелсіздігі үшін күресіп қана қоймай, ұлттық спорттың өркендеуіне де зор үлесін қосты. Бізді ұмыт қалдырмай, үнемі осындай құрмет көрсетілетіні үшін өте қуаныштымыз», – деді республикалық «Желтоқсан – 86 Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы.

Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасына» сәйкес өткізілді. Жеңімпаздарға арнайы грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шара барысында Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әкім Тұрсын ұлттық ойынның дамуына үлес қосқандарға және жарысқа үздік шәкірттер дайындағандарға Алғыс хат табыстады.

«Қатысушылар үздік ойын көрсетті. Болашақта әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз. Сәттілік тілеймін», – деді Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясының директоры, бас төреші Қалдыбаев Азамат.

Тартысты ойында жеңіске жеткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нұрай Ғаниқызы өз қуанышымен бөлісті: «Университеттер арасында өткен бүгінгі  жекелей ашық турнирде мен І орынды иелендім. Қуанышымда шек жоқ. Ұйымдастырушыларға рақмет».

Тоғызқұмалақ ойыны – қазақ халқының терең тарихи тамырынан нәр алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі. Бұл зияткерлік ойын тек дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, жастардың ой-өрісін дамытуға да ықпал етеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астана уақытымен 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісі тіркелді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.