Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Таза Қазақстан» жобасы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған

Елордадағы Сервис және туризм колледжінде соңғы екі жылда «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында оқу бағдарламалары жаңартылып, экологиялық білім тереңдетіліп оқытылып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оқу бағдарламаларының бәрінде экологиялық білімді арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басты назарда тұр.

«Таза Қазақстан» жобасы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғандықтан, біз табиғатқа ұқыпты қарауды, оны сақтауды және қорғауды үйретеміз. Колледжде білім алған студенттер болашақта еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосып, кәсіби мамандарға айналады», – дейді директор Салтанат Қайратқызы.

Жалпы колледжде орман шаруашылығы, ландшафттық дизайн, бақ-саябақ және гүл дақылдарын өсіру бойынша 131 студент оқып, жұмыс орындарынан тәжірибелерін арттырып, тегін білім алуға қол жеткізді.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жобасы аясында студенттермен бірнеше маңызды ғылыми жоба мен әлеуметтік бастама жүзеге асырылып жатыр.

Бірінші бағыт бойынша «Жабық типтегі жылыжайларда қолданылатын көкөністерді зерттеу және өсіру», «Ағаштардың дендрологиялық қасиеттерін зерттеу», «Өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу әдістері», екінші бағытта «Бақшадан ас үстеліне», «Қалдыққа екінші өмір сыйла» әлеуметтік жобаларын бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

Аталған жобалардың бәрі студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және оларды табиғатты қорғау, экологиялық тұрмыстық дағдыларды меңгеру бағытында тәрбиелеуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

«Жеңісті Қазақстанға арнаймын»: Астанада Паралимпиада жүлдегерлерін қалай қарсы алды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

admin_altyalash

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰНЫН РЕТТЕУ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР

admin_altyalash