Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды қадам

Қызылордалық «Абзал және К» толық серіктестігінің өкілі Сағидулла Сыздықов Милан қаласында италиялық жетекші агроөнеркәсіптік компания өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Poluzzi Track System Engineering компаниясымен келісімге қол қойылды. Бұл келісім – аграрлық секторға жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге, сондай-ақ, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Мұнан бөлек, Сағидулла Сыздықов Ravaro компаниясымен ағынды астық кептіргішті жеткізу туралы келісімге қойды. Астық кептірудің заманауи технологиялары жұмыс тиімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және сақтау кезіндегі шығындарды азайтуға көмектеседі.
Сапар барысында италиялық ірі күріш компанияларының бірі – Omodei Zorini компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл серіктестік өңірде күріш шаруашылығын дамытудың, инновациялық технологияларды енгізудің және өнім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды облысында ішкі туризм қарқынды дамып келеді

admin_altyalash

«Бірде-бір дәрігер өз пациентіне өлім тілемейді»: Депутат Талғардағы оқиғаға пікір білдірді

admin_altyalash

Екі өңірде жүргізуші куәліктері сатылып келген: ҚР ІІМ мәлімдеме жасады

admin_altyalash