Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамӨнерРуханиятФотогалерея

Әр мерекеде ұлттық әндерді шырқап келеді

Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, «Мен қазақпын» әнін хормен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.

Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.

«Бұл іс-шараға 1-11 қазақ сыныбының оқушылары қатысып отыр. Әнді таңдау қиынға соққан жоқ. Себебі бұл ән тілге жеңіл, жүрекке жақын», – деді мектеп директоры Айжан Мәметхан.

Айта кетсек, сарбаздардың орындауынан бөлек, көпшілікке кеңінен таралған «Мен қазақпын» патриоттық әнінің сөзін ақын Нұржан Өмірбай, әнін сазгер Жарасхан Төлебай жазған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Польша сеймі сайлауы: Тізгінді кім ұстайды?

admin_altyalash

Үкімет барлық салада инвесторлармен сындарлы диалог орнатуға әзір – Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

admin_altyalash

Алматы өзінің танымалдығын дәлелдеп қана қоймай, жаңа рекордтар орнатып келеді

admin_altyalash