Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Тамақтану сапасына бақылау күшейтілді

Ақмола облысындағы оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту үшін 2025 жылға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов бюджетті бекітуге арналған облыстық мәслихат сессиясында мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта өңір бір оқушының тамақтану құны бойынша елде төртінші орында тұр. Келесі жылы бұл көрсеткішті 715 теңгеден 808 теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тамақтану сапасына бақылау күшейтілді.

Сонымен қатар, өңірде заманауи технологиялар қарқынды енгізілуде. Барлық мектептер STARLINK спутниктік жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. «Бақытты аймақ» жобасы аясында Целиноград ауданында 500 мұғалім біліктілігін арттырды.

Білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту үшін, оның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына шамамен 9 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы өңірде алты жаңа, заманауи және жайлы мектеп пайдалануға берілді, тағы үш мектептің құрылысы аяқталу сатысында.

Марат Ахметжанов бұл шаралар Ақмола облысы жастарының зияткерлік және кәсіби дамуының берік негізіне айналатын жайлы, технологиялық және тиімді білім беру ортасын құруға бағытталғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға барып қонды

admin_altyalash

70 ақтөбелік «Ақтөбе жастары» бағдарламасы арқылы баспаналы болды

admin_altyalash

Бұл нәтиже – қажырлы дайындық пен антқа адал болудың нақты көрінісі

admin_altyalash