Алаш қайраткерлері өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаш қайраткерлері өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар

15.12.2024
0
Алаш қайраткерлері өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар

Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының көптен күткен жинағы жарық көрді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл – «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» деп аталатын 12 томдық архив құжаттары.
Жаңа басылым – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ.
Бұл жинақты дайындауға 30-дан астам тарихшы, архивші және археограф атсалысты. Олардың қатарында ҚР Президенті архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар.
Жобаның ғылым жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.
Басылымға партиялық-мемлекеттік құрылымдарда және арнаулы мемлекеттік архивтерде арнайы сақталған 3 мыңнан астам материал енді, – деп жазады Қарин.

12 томнан тұратын құжаттар мен деректер жинағында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов және басқа да Алаш қайраткерлері өмірінің бұрын беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар.
2 мың данамен жарық көрген жинақ еліміздің оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Осылайша, Қазақстан тарихын одан әрі зерделеу және елдің тарихи жадын сақтап, нығайту тұрғысынан өте маңызды және аса құнды бірегей материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.

Жалпы, 2020-2023 жылдары жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұмылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мемлекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2.6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды, – деп түйіндеген Ерлан Қарин.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2024 жыл қорытындылары: Қазақстандағы волонтерліктің жаңа көкжиектері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бурабай – еліміздегі халық ең көп келетін Ұлттық парк

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.