Бірнеше мамандықты игерген елордалық өз кәсібін дөңгелетіп отыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірнеше мамандықты игерген елордалық өз кәсібін дөңгелетіп отыр

17.12.2024
0
Бірнеше мамандықты игерген елордалық өз кәсібін дөңгелетіп отыр

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған JOLTAP жобасы қазір елордалықтар арасында кеңінен танылып отыр. Аталған жоба арқылы тегін курс оқып, кәсіби дағдыларын табыс көзіне айналдырып жатқан тұрғындардың қарасы көп. Солардың бірі Анжела Қожниязова JOLTAP жобасында үш бағыт бойынша қысқа мерзімді курс оқып, жаңа мамандықтарды игерді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

JOLTAP жобасының аясында «Freelance мүмкіндік» деп аталатын бағдарлама нарықта сұранысқа ие және танымал цифрлық дағдыларды оқытуға бағытталған. Бағдарламадан курс қатысушылары SMM, таргет, видеография, мобилография, графикалық дизайн, маркетплейс, сайттарды әзірлеу сияқты сегіз базалық біліктілікті игеріп шығады.

«Мен – елордадағы жеке музыкалық мектептің басқарушысымын. Онда тұрғындар фортепиано, гитара, домбыра және вокал бойынша сабақтар алады. Жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымызды көпшілікке таныстырып, контент түсіру үшін маған мобилография дағдылары қажет болды. Ал таргетологты үйрену арқылы мектебімізге айына 300-ден астам тапсырыс түсірдік. Графикалық дизайнды білуімнің нәтижесінде әлеуметтік желіге оқырманға тартымды макеттер жасай бастадым. Мұның бәрі жұмысымыздың алға жылжуына әсер етті. Осылайша JOLTAP жобасынан үш бағыт бойынша қысқа мерзімді курс оқып шықтым», – Анжела Маратқызы.

Ол қала тұрғындарына осындай теңдессіз мүмкіндік беріп отырған жобаның тиімділігін жоғары бағалады. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушыларына сапалы білім бергендері үшін зор алғыс білдірді.

«Бұл білім арқылы шынайы өмірде шын табыс таба алатыныма сенімдімін. Сондықтан елордалықтарға осы курстарға жазылсаңыздар, өкінбейсіздер дегім келеді. Бұл – сөзсіз қажетті білім», – жоба қатысушысы.

JOLTAP жобасы аясында жоғарыда аталған бағдарламадан бөлек, тігінші, кассир сияқты сауда, құрылыс және қызмет көрсету салаларына білікті жұмысшы мамандарды дайындайтын тегін қысқа мерзімді курстар да бар. Сондай-ақ, көпшілік шоғырланатын жерлерде орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері азаматтарға тұрғын үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмектер және жұмысқа орналасу туралы да ақпараттар береді.

Айта кетейік, JOLTAP қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.

Ал түлектердің кандидатуралары JUMYS TAP Telegram-ботында тегін жарнамаланатын болады. Толық ақпаратты call-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: +7 (707) 221 31-31.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЫР ЖАСТАРЫ» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮЙ БЕРІЛДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.