Біздің міндетіміз – оның есімін халық жадында жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Біздің міндетіміз – оның есімін халық жадында жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау

21.12.2024
0
Біздің міндетіміз – оның есімін халық жадында жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау

Қызылордада «Руханият жылы» аясында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өнегелі өмір жолына, «Шаһнаманың» жарық көргеніне 90 жыл, «Терме» жинағының жарық көргеніне 100 жыл толуына арналған «Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті.
Байқауға Астана, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан қалаларынан және аудандардан жыршылар қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын оқып, жыршыларға сәттілік тіледі.
«Темірбек Жүргенов есімі қазаққа ғана емес, күллі түркі жұртына құрметті, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға. Жүргеновтің тікелей атсалысуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданды. Алматыдағы бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетін, Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін ұйымдастырушылардың бірі болды.
Ол қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетті. Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Әбілхан Қастеев секілді қайраткерлердің шығармашылықпен айналысуына жағдай жасады. Тұрмағамбет шайырды Алматыға арнайы алдырып, Фердоусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне аудартты.
Темірбек Қараұлы – өзіне өлмес, тозбас ескерткіш соғып кеткен тұғырлы тұлға. Біздің міндетіміз – оның есімін халық жадында жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Халқымыздың дара перзенттерінің мұрасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалар сөз маржанын жарқырата жырлап, жеңіс иесі болыңыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Ш.Байманов.
Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова, қоғам қайраткері, «Т.Жүргенов атындағы қордың» төрағасы Сәби Аңсат төрелік етті.
Қазылар алқасы жыршылардың орындаушылық шеберлігіне, мақам-саз үндестігіне, шығарманың мазмұнын көрерменге жеткізе білумен қатар, сахна мәдениетіне баса мән берді. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.