Бұл атақ – шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Бұл атақ – шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі

24.12.2024
0
Бұл атақ – шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  биылғы жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді.

«Халықтық» және «Үлгілі» атақтары – шығармашылық ұжымдардың өз жұмысында жоғары кәсібилік пен шығармашылық белсенділікті көрсеткені үшін берілетін ерекше құрмет. Бұл атақ көркемөнерпаздардың еңбегін ынталандырып, олардың мәдениет саласындағы еңбегін бағалау мақсатында тағайындалады.

Егіндікөл ауданындағы «Сазды әуен» ансамблі үшін бұл атақ маңызды жетістік болып табылады. Ансамбль 14 жыл бұрын құрылып, осы уақыт аралығында аудандық және облыстық деңгейде танылып, көрермендерінің жүрегін жаулап алды. Құрамында әртүрлі сала қызметкерлері бар. Ұжымның жұмысын Амангелді Райхан басқарады. Оның жетекшілігімен ансамбль көптеген мәдени шаралар мен мерекелік концерттерге қатысып, халыққа жақсы таныс болды.

«Сазды әуен» ансамблі «Халықтық» атағы берілгеніне қуанышты екендерін жасырмады.  Олар мәдениет басқармасы мен аудан әкімдігіне алғыстарын білдіріп, осы атақтың олар үшін үлкен мәртебе екенін айтты.

«Бұл оқиға Егіндікөл ауданындағы мәдениет саласы үшін үлкен қуаныш болып табылады, себебі бұрын соңды ауданнан «Халықтық» атағын ешкім алмаған . Ұжымның бұл жетістігі аудан мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, болашақта жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік ашады», -дейді ансамбль жетекшісі.

Айта кету керек, салтанатты шарада 8 өнер ұжымы «Халықтық» және 8 ұжым «Үлгілі» куәлігіне ие болды. Бұл атақ – шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі және олардың мәдениет саласындағы жетістіктерінің айғағы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сотталғандардың құқықтары бұзылған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өте маңызды мәселе

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.