Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті

26.12.2024
0
Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті

Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.

26 желтоқсан күні таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13 – травматология бөлімшесінде, 2 – нейрохирургия бөлімшесінде, 1 – хирургия бөлімшесінде ем алды.

Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11 ауыр жағдайда, 14 – орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда.

11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдауда. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізілді, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті.

Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген.

Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.

Зардап шеккендердің жағдайы және олардың емделу барысы туралы қосымша деректер ақпарат жаңартылған сайын ұсынылатын болады.

Ресей тарапымен келіссөздерден, мамандардың консультацияларынан кейін бүгін РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге 9 пациент, Ресей азаматтары жіберілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағандыда куәгерді азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.