Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Елімізде кедейлік шегі өзгерді

фото ашық дереккөздерден алынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды.

2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап “Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы” 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.

“2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды”, – делінген құжатта.

Жаңашылдықтар 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл өзгерістер азаматтардың қажеттіліктерін нақтылауға және аймақтық ерекшеліктерді ескеруге бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстволарға бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркелуін, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде жариялануын және департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.

Ұқсас жаңалықтар

15 млн теңгенің «Гүлді алаңы»: Ақтауда мердігер мекеме түсініктеме берді

admin_altyalash

Абайға арналған энциклопедиялық портал, хакім мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау жолында негізгі бағдаршам болмақ

admin_altyalash

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

admin_altyalash