Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар

31.12.2024
0
Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар

Тұңғыш Президент саябағы халықтың қарасы үзілмейтін, таптырмас отбасылық демалыс орны. Жайлы аумақта шағын мерейтойларды атап өту үрдіске айналған. Сондықтан болар, жасыл желекке оранған жерде тынығушылар саны жыл сайын арта түсуде. Осыны ескере келе, саябақ көлемін кеңейтуді, демалыс аймағын жаңартуды жолға қою мақсат етілді. Оған демеушілер есебінен жаңғырту жобасы әзірленді.
Аумағы 64,5 гектарды құрайтын Тұңғыш Президент паркі 2007 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейін жаңғырту жүргізілмеген. Балалар ойын алаңы, орындықтар, жарықтандыру және т.б. қажетті құрылымдар жетіспейді. Ал, жаңа жобада жетіспеушіліктер толық қамтылып, Тұңғыш Президент паркі мен Денсаулық саябағы арасын заманауи орынға айналдыру көзделген. .Мұнда халықтың сұранасына сай автокөліктер тұрағы бар, гүлзарлармен көмкерілген көркем келбет қалыптасады. Парк ішінде 3 аллея, 3 бөліктен тұратын су бұрқақ, 1 амфитеатр, 1 бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 4 фудкорт, сондай-ақ көптеген шағын сәулеттік пішімдер және аттракциондар болады.
Сонымен қатар, саябақ арқылы өтетін барлық аллеялар мен тротуарлар бір – бірімен байланыстырылып, бұл маршрутты оңай және жылдам салуға, саябақтың дұрыс нүктесіне жетуге мүмкіндік береді. Вело-жүгіру жолы бүкіл саябақ арқылы шағын және үлкен шеңбер бойымен өтеді, жобада модульдік-санитарлық ғимаратын орналастыруға арналған алаңдар қарастырылған. Бақшада жасанды тоған, тоған үстіндегі көпір, стилистикалық ағаш беседка және демалуға арналған орындықтар бар. Мұнан өзге биіктікке өрмелеу нысаны, ойын құрылғылары, фитнеске арналған спорт қондырғылары, теннис корты, биіктігі 50 метрлік айналмалы дөңгелек аттракционы, балаларға арналған түрлі әткеншектер, тамақтану орындары, би алаңы, паркур, стритбол, сахна, сарқырама каналдары, канал үстінен көпірлер, бадминтон, шахмат, волейбол, баскетбол, футбол алаңдары, арқан саябағы, дария жағалауындағы жүргіншілер жолы, модульдік санитарлық ғимарат қарастырылған. Паркке ауыз су, кәріз су желілері тартылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қоса жүргізіледі.
Айта кету керек, Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қоғамдық орындарды жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады. Қазір қалалық мәдениет және демалыс паркінде қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұдан бөлек, Қорқыт Ата ескерткішінің маңындағы аллея, Батырхан Шөкенов атындағы саябақ қайта жаңғыртудан өткізіледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұқаралық спортты дамыту– біздің жұмысымыздың маңызды бағыты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.