Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Пиротехника құралдарынан 63 адам зардап шекті

Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде, деп хабарлады облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары.

Өңірлер бөлінісінде: Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.

Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда.

Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов диқандарды қолдау туралы: Алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 580 млрд теңгеге жеткізілді

admin_altyalash

«Адамға қауіп төндіреді». Сенатор TikTok-ты бұғаттауды ұсынды

admin_altyalash

Отбасы банктен де басқа банктерде баспана алу үшін ақша жинауға болады

admin_altyalash