Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарКәсіп

Кәсіпкер қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

2019 жылы 21 жасар Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

Бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашты. Содан кейін авторлық құқық алып, «Qazice» атты өнімін патенттеді.

Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.

Шымкент пен Түркістанда Qazice сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

admin_altyalash

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: УӘДЕ ЕМЕС, ДЕРЕКПЕН ДӘЛЕЛДЕНГЕН ІС

admin_altyalash

Жобаның негізгі мақсаты – жерлердің одан әрі деградациясының алдын алу, экологиялық жағдайды жақсарту

admin_altyalash