Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Анастасия Городко – Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Отандасымыз Анастасия Городко Шымбұлақта өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды. Ол таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды.

Алтын медаль былтыр қола жүлдегер атанған жапониялық Юма Тагучидің еншісінде (72.43 балл). Үздік үштікті тағы бір жапон Мисе Куриа түйіндеді (66.63).

Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласы қабылдаған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстаудағы Кіші Оймаша көлінің маңы қоқыстан тазартылды

admin_altyalash

Ауылдың баласы ҰБТ-да 140 ұпай жинады

admin_altyalash

Қызметінен босатылған Шымкент әкімі жазба жариялады

admin_altyalash