Экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз

09.01.2025
0
Экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Палатаның жаңа жылдағы алғашқы отырысын ашқан Мәулен Әшімбаев алдымен Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне жарияланған бағдарламалық сұхбатында айтылған басым бағыттардың маңызына назар аударды.

«Таяуда «Ana tili» газетінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланды. Өңірлерде азаматтармен кездескен кезде өздеріңіз де сол сұхбаттың негізгі ойларын халықпен бірге талқыладыңыздар. Мемлекет басшысы сұхбатта 2024 жылы әр сала бойынша атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы басым бағыттарды белгілеп берді. Сондай-ақ былтыр Парламент қабылдаған заңдардың маңыздылығы да ерекше атап өтілді. Азаматтарды алаңдатқан мәселелерге қатысты осындай ашықтық пен диалог «Заң мен тәртіп» қағидатына табан тіреген Әділетті Қазақстанның жарқын көрінісі екені сөзсіз. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету біз үшін негізгі басымдық болып қала береді. Биыл депутаттар елімізді одан әрі дамытуға арналған бірқатар маңызды заңдарды қарайды. Сол нормаларды сапалы пысықтап, уақтылы қабылдауымыз қажет», – деп, Сенат Төрағасы әріптестерін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолында күш біріктіруге шақырды.

Отырыс барысында депутаттар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің құқықтық инфрақұрылымын жақсартуға арналған үш заңды қарады.

Сенаторлар атап өткендей, бүгін мақұлданған «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы» заң банк операцияларының географиялық ауқымын кеңейтуді көздейді. Қазақстан үшін Африканы банк операциялары аймағына қосу миллиардтаған халқы бар елдердің жобаларымен байланыс орнатуда және инвестицияларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Банк қызметін бұлай кеңейту оның қазіргі операциялық елдерін қолдау қабілетін төмендетпейді, банктің ААА деңгейіндегі кредиттік рейтингіне қауіп төндірмейді және капиталға қосымша жарналарды талап етпейді деп күтіліп отыр.

Отырыс кезінде қаралып, мақұлданған «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» заң ЕҚДБ Директорлар кеңесіне банк капиталының жеткіліктілігі нормативтері туралы жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл кредиттік қызметтің икемділігін арттырады және Қазақстанның негізгі жобаларын тиімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Сенаторлар қарап, мақұлдаған келесі «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң ЕАЭО-ның өзге елдерінде банктік кепілдіктерді пайдалану үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл қазақстандық жеткізушілердің ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Қаралған келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында банк кепілдіктерін өзара тану үшін құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Заңның мақұлдануы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін бизнеске тең мүмкіндік жасауға, сондай-ақ, тараптар арасындағы экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар өзекті мәселелерге назар аударып, депутаттық сауалдарын жолдады.

Нұртөре Жүсіп азаматтық авиация саласындағы өзекті проблемаларға тоқталып, аталған саладағы кадр даярлаудың сапасын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныс жасады. Нақты айтқанда, EASA стандарттары бойынша азаматтық авиация академиясын сертификаттау және уақыт талаптарына сай, білікті мамандар даярлау үшін ұшқышсыз авиация орталығын құру мәселелері туралы сөз болды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Асхат Хасенов ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.