Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Моңғолияда үш мың адам митингке шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Фото: news.mn
Моңғолияда үш мың адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп митингке шықты. Олар үкіметті сыбайлас жемқорлық, ауаның ластануы мен жол кептелісі, салықтарды азайту мәселелерін шеше алмады деп айыптауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі news.mn порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Митинг ел астанасы Ұлан-Батырдағы Сухе-Батордың орталық алаңында өтті.

Моңғол бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық жергілікті уақыт бойынша таңғы 11-де басталып, он сағатқа созылған. Дегенмен билік оны тек 17:00-ге дейін өткізуге рұқсат берген.

Сондай-ақ, кейбір наразылық білдірушілер алаңда орналасқан үкімет сарайына шабуыл жасамақ болған. Бірақ полиция арнайы күштері оларды қуып жіберген.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН

admin_altyalash

Бүгінгі отырыстың мақсаты – анықталған мәселелерді жан-жақты талқылап, олардың алдын алу жолдарын айқындау

admin_altyalash

Елдегі су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат – Президент

admin_altyalash