Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды

2024 жылы Астанада қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 238 сайт бұғатталды. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2024 жылдың есепті кезеңінде ПД бөлімшелері жыл басында есірткіге қатысты 1100-ден астам құқық бұзушылықты қозғады. 405 қылмыстық іс қозғалса, оның 283-і есірткі бизнесіне қатысы бар тұлғаларға қатысты. Заңсыз айналымнан 300 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. «Есірткілердің синтетикалық түрлері» бойынша есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 681 фактісі анықталды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес интернет-ресурстар саласында 31 қылмыстық іс қозғалды. Оның барысында 238 есірткі сайты бұғатталды», – деді ол.

Әлия Қибатқызы есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке қатысты қылмыстық заңнамадағы өзгерістерді де түсіндірді.

Сондай-ақ, Әлия Қибатқызы биылғы мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын, оның ішінде үгіт-насихат жұмыстары, семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, жарыстар, рейдтер өткізіліп жатқанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

admin_altyalash

Бұл форум – ұлттық құндылықтарды заманауи көзқараспен ұштастыратын маңызды бастама

admin_altyalash

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялады

admin_altyalash