Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.
Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.

Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.

Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.
Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.

2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.

Ұқсас жаңалықтар

Қыз ұзатып, келін түсіру: қазақтың құдаласу салты

admin_altyalash

Психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен

admin_altyalash

Жетібай ауылының медицина қызметкерлері АЭС салуды қолдады

admin_altyalash