Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау

17.01.2025
0
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы 600 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған.
Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, зиялы қауым өкілдері мен жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Президентіміз «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын.
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдыңқазан айында сол жағалаудан табыстадық.Осы айдың басында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп ашылды. Бұл арқылы Жаңарық ауылындағы бейімделген ғимаратта орналасқан, Арал қаласындағы үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.
Бүгін міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 млрд 732 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» шәкірттер мен ұстаздаригілігіне береміз. Жаңа нысанды салу арқылыбейімделген ғимаратта орналасқан Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің мәселесін шештік. Құрылыс басталғалы бері балаларымызға қала ішіндегі басқа мектепте оқуына тура келді. Ұрпақ игілігіне бағытталғанортақ істе түсіністік танытқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Жасампаз істердің жаршысы болатын жеткіншектерімізенді қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең де жайлы мектепте білім алатын болады. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай», – деді аймақ басшысы.
Салтанатты іс- шарада білім саласының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтады. Еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.
Айта кетейік, 2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға ұлғайды. Саланың биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға арттық.
Былтыр аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, іске қосылды.Нәтижесінде Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.
«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы»,Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы», дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты бой көтеруде. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі»мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.
Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының Жалаңаш ауылынан 150 орындық мектеп салынады.Былтыр 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, биыл соның 9-ы күрделі жөндеуден өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.