Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір

21.01.2025
0
Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу процесі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алуда. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылуда. 

Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір. Бағдарлама Байзақ ауданында пилоттық режимде іске қосылып, мұнда 650-ден астам ваучер берілді. Айдың соңына дейін жүйе барлық ауданды қамтиды.

Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі – балабақша орындарына «кезекке тұру» мәселесінің жойылуы, себебі ваучер алу кезегі тек алға жылжиды, бұл барлық отбасына тең жағдай туғызады. Тараз бен Түркістанда 2 жастан асқан балаларға арналған кезек толығымен жойылды, ал Шымкент пен Оралда кезекті азайту бойынша оң динамика байқалды.

Тараздың сәтті тәжірибесі маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берді – ваучерлерді 1,5 жастан бастап беру қарастырылды. Бұл қадам мектепке дейінгі ерте білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және ата-аналарға балаларын білім беру ұйымдарында ертерек оқытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ваучерлік қаржыландырудың өңірлерде кеңеюі мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, ата-аналар мен білім беру ұйымдары үшін ашық әрі ыңғайлы жүйе қалыптастырады. Жаңа жүйе ата-аналарға балабақшаны таңдау еркіндігін береді әрі мекемелер арасында ауысуды ваучерді сақтап қалу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білім беру мекемелерін өз қызметтерінің сапасын арттыруға ынталандырады.

Бизнес-процесстерді автоматтандыру және қағазбастылықтан бас тарту бағдарламаны басқаруды айтарлықтай жеңілдетіп, жүйенің ашықтығын толық қамтамасыз етті. Әр баланың «цифрлық портретін» жүргізу арқылы ваучерлердің қозғалысын бақылау және мемлекеттік қаржының мақсатсыз жұмсалуының алдын алу мүмкіндігі пайда болды.

Шымкент пен Таразда пилоттық жобаның енгізілуі бұл бастаманы кеңейтуге бағытталған маңызды қадамға айналды. Қазір бұл қалалар табысты тәжірибелермен бөлісіп, бағдарламаны басқа өңірлерде жылдам енгізуге қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жүйені халықтың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды болып отыр.

Қаржыландырудың бұл моделі денсаулық сақтау немесе әлеуметтік көмек сияқты басқа әлеуметтік қолдау салаларында да бағдарлама ретінде қабылданып, мемлекеттік қаржының ашықтығын, тиімділігін және нақты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуі мүмкін.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып абаттандырудың өңірлік ережелері бекітілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.