ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарының бірі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес 2 584 400 теңге сомасына айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚ-ның сотта шешімге қарсы шығуға қойылатын талаптары қабылданбады.
Сонымен қатар, Департамент шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан 100 га аумақты игеру туралы ұйғарым берді.
Алайда нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94 бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.